Гүлсина Мерғалиева: Халықты арандатушыларға ермеуге, сабырға шақырамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева елімізде болып жатқан жағдай халық пен билік арасындағы байланысты күшейту керек екенін білдіретін белгі екенін айтты.  

Еілімізде болып жатқан жағдай - халық пен үкімет арасындағы байланыс үшін үлкен сигнал. Наразылық білдіргендер газ бағасын 50 теңге етуді сұрады, митингке шыққандарды жаппауын сұрады. Үкімет айтқанымызды орындады, бұл жеке мен үшін халық пен билік арасында байланыс орнағанын білдіреді. Талап орындалған соң тарап кету керек еді. Себебі бұл – екіжақты диалог. Бірақ халық тараған жоқ, арандатушылар оларды пайдаланып кете ме деп қорқып отырмын. Адамдар жиналған орталыққа барып келдіп, арандатушылар жұмыс істеп жатқанын естідім. Ортаға шығып, халық алдында сөйлеп жатқандардың билікке нақты ұсыныстары жоқ, артық әңгіме көп, - деді ол.  

Маңғыстаулық Гүлсина Мирғалиева облыстағы ауылдарда халық жолды жауып, қозғалысқа кедергі келтіріп жатқанын айтты.  

Мен Маңғыстау облысы Ақшұқыр елді мекенінде тұрамын. Біздің жолды құқық қорғау органдары емес, қарапайым халық жауып тастады. Тіпті жұмыстарыммен сыртқа шыға алмай, басқа жол іздеуіме тура келді. Жолдан өтемін десем, адамдар көлігімді төңкеретіндерін айтты. Басқа жолмен өттім, бірақ енді ауылға қайтайын десем, халық жолдың барлығын жауып тастағаны туралы ақпарат естідім. Қадір-қасиетімізді жоғалтпай, сабыр сақтауымыз керек. Халықтың талабы өте дұрыс. Мен жұртшылықтың айтып жатқан наразылығымен келісемін, бірақ әкімдіктерге кіргені артық болды. Қазір халықты арандатушыларға ермеуге, сабырлыққа шақырамын, - деп қорытындылады сөзін ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы