9 Маусым 2019 2019, 08:22
Гүлшара Әбдіқалықова: Бүгін айрықша маңызды күн
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласындағы 113-ші сайлау учаскесіне дауыс беруге Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келді.
"Бүгін еліміз тарихында айрықша маңызды күн. Еліміздің болашағы үшін таңдау жасап, ел тарихы шешілетін сәт. Мен ел ертеңі үшін дауыс бердім", - деді ол.