Гүлшара Әбдіқалықова комитет төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің алғашқы жалпы отырысында жаңадан сайланған депуттар ант берді.


Бұған дейін  16 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросынык отырысында партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықова, Нұрлан Әлімжанов, Нұржан Әшімбетов, Жұлдыз Омарбековаға  мәжіліс депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданған еді. 

Бүгін Нұрлан Әлімжаннан басқасы отырысқа қатысып, ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді жаңа депуттар. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин жаңадан сайланған депуттар арасында Гүлшара Әбдіқалықованы әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасына ұсынды. 

Аталған ұсынысты 104 депутат мақұлдады. Ал Нұржан Әшімбетов - аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова - заңңама және құқық комитетінің құрамына өтті. Тиісті қаулылар қабылданды. 

Гүлшара Әбдіқалықова бұған дейін 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап, вице-премьер қызметін атқарған. Ал Нұржан Әшімбетов Екібастұз қаласының әкімі болған. Жұлдыз Омарбекова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі ретінде еңбек етті.

Басқа жұмысқа ауысуларына байланысты, Бақтияр Мәкен мен Гүлнар Иксанованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы