Гүлнара Кәрімованың денсаулығы тым нашарлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зәңгіата колониясында отырған Гүлнара Каримованың денсаулығы соңғы күндері тым нашарлап кеткенін Каримованың қызы Иман Instagram-дағы парақшасында жазды.
Иман Каримованың айтуынша, оның анасы қазір колонияның санитария бөлімінде отыр, оған пневмония диагнозы қойылған.
Оған медициналық көмек көрсетілмеді, короанвирусқа тексерілуге рұқсат бермеді. Дәрі-дәрмек пен емделуге арналған аппараттар беруге рұқсат жоқ, - деп жазды Иман.
48 жастағы Гүлнара Каримоваға "мемлекет мүлкін жымқырды, салық төлеуден жалтарды, басқа да экономикалық және қаржы қылмыстарын жасады" деген айып тағылған болатын. Биыл наурыз айында оған тағы бір айып бойынша үкім шықты. Ташкент қалалық соты Каримованы "қылмыстық топ ұйымдастырғаны" үшін 13 жыл төрт айға бас бостандығынан айырды.
Тергеу нұсқасы бойынша, Гүлнара Каримова ұйымдасқан топты 12 жыл бойы басқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы