Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қалалық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы аяқталды. Судья Мартбек Кәкімжанов оларға үкім шығарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды:

  • ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы "Заңсыз еркіндігінен айыру";
  • ҚР ҚК 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы "Өзгенің мүлігін қорқытып алу";
  • ҚР ҚК 389-бабының 4-бөлігі "Өзінше билік ету".

Сот Гүлмира Сатыбалдының мүлкін тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарды.

Мәди Батыршаев бастығының нұсқауы бойынша «жәбірленушінің еркін жүріп-тұруына кедергі келтірген адамдарды басқарды» деп айыпталған.

Сот Батыршаевты «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Гүлмира Сатыбалды сот отырысында соңғы сөзін айтудан бас тартқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы