GTA-дағыдай қуғын: Көлік ұрлап қашқан ер адамның видеосы жарияланды
Қарағандылық жігіт шетелдік көлікті айдап кетіп, GTA стилінде полициямен "қақтығысты", деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағандыда полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні қылмыс болғаннан кейін бірнеше сағат ішінде қолға түсірді.
15 тамызда "102" арнасы арқылы кезекші бөлімге Н. Әбдіров көшесіндегі үйдің жанынан Toyota Carina көлігінің ұрланғаны туралы хабар жеткен. Ақпарат бірден қаладағы барлық патрульдік экипаждарға айтылды.
Көп ұзамай көлік Ерубаев көшесіндегі жанармай құю бекетінде байқалды. Полицейлерді көрген жүргізуші дереу жылдамдықпен қозғалып, қашуға тырысқан. Экипаж қосымша күш шақыртып, құқық қорғаушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында көлікті бөгеп, қылмыскерді ұстауға мүмкіндік туды. Рөлде 26 жастағы Қарағанды тұрғыны болғаны анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Таразда көлікпен “түйгіштесу” ұйымдастырғандар жауапқа тартылған болатын.