Грузияның экс-президенті еліміздегі вакцинацияға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Грузия пандемияға қарсы іс-шараларды бірігіп жүзеге асыруы керек. Бұл туралы «Біртұтас Грузия – Демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы, м.а Грузия президенті (2003-2004, 2007-2008), Грузия парламентінің төрағасы (2001-2008) Нино Бурджанадзе мәлімдеді.
Панельдік сессияда әлемнің алдында тұрған мәселелерді терең түсінетін және оларды шешу бойынша белгілі бір ұсыныстар беретін өте қызықты адамдар ұсынылған. Шынында да, пандемия бүкіл әлемдегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Олар адамдардың эмоционалдық жағдайы мен денсаулығына ғана тоқталып қоймай, сонымен қатар бізде кездесетін проблемалардың экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан одан әрі шиеленісе беретінін көрсетті, -деді Грузия парламентінің төрағасы.
Сонымен қатар Нино Бурджанадзе пандемия кезеңінде шиеленіске толы саяси-экономикалық мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.
Әрбір мемлекет бүкіл әлемде пандемия тудырған экономикалық дағдарыс пен қиын жағдайдан қалай шығу керектігін ойластыруы керек. Бұл жалғыз шешілмейтін мәселе. Әрине, әр мемлекет өз ісімен айналысуы керек, бірақ әлем біз бастан кешкен дағдарыстан тезірек шығу үшін ынтымақтастық пен бірлік аса маңызды, - деді ол.
Ол Қазақстанның аумағындағы көшбасшы екенін және экономикалық тұрғыда ғана емес саяси жағынан да үлкен әлеуеті барын айтты. Оның сөзінше, Грузия үшін Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыру, пандемия мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесетін жаңа жобаларды жүзеге асыру маңызды.
Тағы бір өте маңызды мәселе – вакцинация. Қазақстан вакцинацияның айтарлықтай жоғары нәтижелеріне қол жеткізді. Халықтың 70%-ы екпе алу бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарыстан тез шығудың бірден бір жолы. Ал біз осы Грузия бұл бағытта артта қалып отырмыз. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас 10 жылдан асып келеді. Мен бұл серіктестікке еш қауіп келмейтініне сенімдімін. Бірақ менің ойымша, біздің экономикалық ынтымақтастығымызды тереңдету үшін одан да көп мүмкіндік бар, - дейді экс-президент.