Грузиялық спортшылар Ұлы даладағы кездесуге жол тартты
Грузия спортшылары командасын 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Барлығы 24 спортшыдан тұратын Грузия құрамасы қазақ күресі, мас-рестлинг, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату сияқты спорт түрлеріне қатысады. Олардың ішінде екі дүркін әлем және Еуропа чемпиондары, халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар.
Команданың басым бөлігін «Қазақ күресі» Грузия федерациясының балуандары құрайды. «Қазақ күресі» федерациясының президенті, Грузияның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Гиорги Читашвилидің айтуынша, көптеген дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақ ұлттық күресіне қазіргі уақытта шетелдіктердің қызығушылығының артуы байқалады.
«Көшпенділер ойындарына қатысу біз үшін үлкен мәртебе. қазақстандық іс-шараның ұраны – «Ұлы даладағы дүбірі» қонақжай халықтың энергетикасын білдіреді, рухани көңіл-күйді дамытады және бізді жеңістерге шабыттандырады», – дейді қазақ күресі бойынша Еуропа чемпионы (2024 ж., Баку қ.) Зураб Чагелишвили.
Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин грузин спортшыларына жылы лебізін білдіріп, спорттық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Командаға Грузияның Олимпиада комитеті, Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі және Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі қолдау көрсетті.