Грузиядағы шеру кезінде 100-ден аса адам қамауға алынды

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде он полиция қызметкері жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың бірі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Шерушілер қаланың инфрақұрылымына зақым келтірген, атап айтқанда, тосқауылдар қойған, парламенттің есіктері мен бақылау камераларын зақымдап, бірнеше рет өрт шыққан. Салдарынан полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына мойынсұнбаған көптеген шерушілер қамауға алынды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили полициядан шерушілерге күш қолданбауды өтінді.

Тбилисиден басқа Гори, Телави, Лагодехи, Кутаиси, Зугдиди және Батуми сияқты бірнеше қалада шерулер жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы