Грузиядағы қазақстандықтар президент сайлауында дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тбилисиде орналасқан №277 сайлау учаскесінде 93 отандасымыз дауыс берді, деп хабарлады «Хабар 24».
Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00 ден кешкі 20:00-ге жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта сайлау комиссиясы дауыстарды санап, қорытынды жасап қойды.
Тбилисидегі учаскеге дауыс беру үшін барлығы 112 Қазақстан азаматы тіркелген. Сайлауға оның 93-і келді.
Сайлау қорытындысы бойынша оның 57-сі Қасым-Жомарт Тоқаевқа, 23-і Әміржан Қосановқа таңдау жасаған. Ал, 4 адам Дания Еспаеваға, бір азамат Жамбыл Ахметбековке, тағы бірі Сәдібек Түгелге өз дауысын берген.
«Барлығына қарсымын» нұсқасын 1 азамат таңдапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та құрылыс краны тұрғын үйдің үстіне құлады
Өзгелердің жаңалығы