Грузиядағы наразылық: демонстранттар президент сарайына басып кіруге тырысты
Тбилисиде өткен жаппай наразылық акциясы кезінде оппозиция жақтастары президент сарайына басып кіруге тырысты. Полиция демонстранттарды тарату үшін су атқыштар мен бұрыш спрейін қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
Наразылық жергілікті сайлаудан кейін өтті. Оппозиция сайлау әділ өтпеді деп санайды және билеуші «Грузин арманы» партиясының басшылығын сынады.
Оппозиция шерудің мақсаты «Грузиядағы демократияны құтқару» екенін мәлімдеді.
Шеруге қатысушылар ЕО және Грузия тулары бар колоннамен Тбилисидің орталығына шықты.
Ұйымдастырушылардың бірі, опера әншісі Паата Бурчуладзе, халықты билікке қарсы тұруға және партияның алты жетекшісін тұтқындауға шақырды.
Демонстранттар президент сарайына жеткенде аумаққа кіруге әрекет жасады. Қоғамдық тәртіпті қорғаушылар қарсылық білдіріп, күш қолданды.
Наразылық соңғы айларда белсенділерге, тәуелсіз БАҚ пен оппозицияға қарсы қысым күшейген тұста өтіп жатыр. Батысшыл оппозиция жетекшілерінің көбі қазір қамауда отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп: ХАМАС кепілге алынғандарды тез арада босатуы тиіс
Өзгелердің жаңалығы