Грузияда төтенше жағдай: Нөсер жаңбырдан үйлерді су басты
Грузияда Мцхета-Мтианети аймағын су басып, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі қызу жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
newsgeorgia.ge таратқан ақпаратқа сәйкес, толассыз жауған нөсер жаңбыр үйлерді, жолдарды басып, көпірлер мен электр өткізетін желілерді бүлдірген. Бірнеше елді мекен электр жарығынсыз қалды.
Квемо Картлиде бірнеше ауыл сыртпен байланыссыз қалды. Марнеули, Тетрицкаро, Болниси мен Дманисиде жағдай күрделі. Су басқан аймақтарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Ел үкіметі шығынның көлемін анықтау үшін комиссия құрылғанын жеткізді.
Жақын тәулікте Арагви өзеніндегі су деңгейі бірден көтеріліп, арнасынан асады деп күтілуде. Саяхатшылар мен тұрғындарға өте сақ болу қажеттігі ескертілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда жантүршігерлік жол апатынан 11 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы