Грузияда мыңдаған адам митингке шықты

Грузияның мыңдаған азаматы Еуроодаққа мүше болуды жақтап, митингке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция парламент сайлауына алты күн қалғанда өтті. Еурокеңес жуырда Грузияның Еуроодаққа кіру процесін іс жүзінде тоқтату туралы жариялаған болатын.

"Грузия Online" арнасы «Грузия Еуроодақты таңдайды» атты марш Тбилисидегі Азаттық алаңында өтіп жатқанын мәлімдеді.

Маршқа қатысушылар Азаттың алаңында бес қатарлық шерумен жүрді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы