Грузияда маймыл шешегі жұққан алғашқы науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Бұл туралы осы елдің ауруды бақылау және алдын алу орталығы хабарлады, деп жазды Хабар24.

Науқас бұған дейін Еуропаның өзге елдерінде болған екен. Мамандардың айтуынша, ауру жеңіл түрде өтуде. 

Қазір онымен қарым-қатынаста болғандар жіті тексеріліп жатыр. Әзірге олардың бәрі індеттен аман-сау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы