Грузияда карантин режимі 10 мамырға дейін жалғасады

Алматы, BAQ.KZ. Грузияда халықты коронавирус инфекциясынан қорғауға бағытталған төтенше жағдай режимі 10 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария брифинг барысында айтты.

Қазіргі кезде бұл елде 269 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Тағы 4834 адам карантинге жабылса, 434-і стационарда дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ осы індеттен барлығы 3 адам көз жұмған.

Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай ақпанның 26 күні тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы