Грузияда бір күнде төрт рет жер сілкінді
Грузияда бір күнде төрт жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Рача-Лечхуми өңірінде орналасқан.
Магнитудасы 3,8 балды құраған бірінші жер сілкінісі Они қаласынан 9 шақырым жерде 16 маусым күні түске дейін орын алған. Екінші жағдай екі сағаттан соң қаладан 10 шақырым жерде болған. Оның магнитудасы 4,7 балға жеткені айтылуда. Магнитудасы 4,4 және 3,3 балды құраған үшінші және төртінші жер сілкіністері Они қаласынан 7 және 12 шақырым жерде түс ауа тіркелді.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бакуде ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті
Өзгелердің жаңалығы