Бүгiн 2026, 20:11 Фото: видеодан алынған кадр

Грузияда 18 жастағы қазақстандық ұсталды: Ол өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Жасөспірім аса ірі көлемдегі есірткі ісі бойынша ұсталды.

Грузияда аса ірі көлемде есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына сотталу жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұл туралы Грузия Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, ұстау операциясы Имеретия өңірінде жүргізілген. Қазақстан азаматынымен бірге Украина азаматы да қамауға алынған, екеуі де 2008 жылы туған.

Хабарламада ұсталғандардың әртүрлі уақытта қолға түскені айтылған. Оларға есірткі заттарын ірі және аса ірі көлемде заңсыз сатып алу, сақтау және сатуға жәрдемдесу айыбы тағылып отыр.

Айыпталушылардың жеке заттары мен уақытша тұрып жатқан орындарына жүргізілген тінту барысында, сондай-ақ тергеу эксперименті кезінде олар көрсеткен мекенжайлардан аса ірі көлемдегі “метадон” есірткі заты айғақ ретінде тәркіленді. Сонымен қатар есірткіні бөлшектеп орауға арналған материалдар табылды, – делінген Грузия ІІМ хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260-прим баптары бойынша тергеліп жатыр. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына соттау жазасын қарастырады.