Грузия “жасыл паспортты” талап ету міндеттемесін жою туралы шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Грузия билігі "жасыл төлқұжаттарды" алып тастайды. Осылайша, мейрамханалар мен қоғамдық орындарға QR-кодсыз кіруге болады, деп мәлімдеді COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе.
Омикронның тез таралуын және вирустың әлсіз ағымын ескере отырып, сондай - ақ әлемдік тәжірибені ескере отырып, кеңес “жасыл паспортты” талап ету міндеттемесін жою туралы шешім қабылдады, - деді Гибрадзе.
“Жасыл төлқұжат” – бұл қоғамдық орындарға, театрларға, мейрамханаларға, фитнес-орталықтарға және басқа мекемелерге баруға мүмкіндік беретін толық вакцинация сертификаты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АШМ сәбіз экспортына салынған тыйымды алып тастады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы