Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы заңды бекітті

Грузия парламенті президенттің ветосын еңсеріп, шетелдік агенттер туралы заңды түбегейлі бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Грузия Online" басылымының мәліметіне сәйкес, президенттік ветоны жоюға 84 депутат дауыс берген. Олардың басым көпшілігі билеуші партия – "Грузинская мечта" өкілдері екендігі айтылды. Президенттік ветоны жеңу үшін 150 депутаттың кем дегенде 76-сының дауысы қажет болған. Билеуші партияның фракциясынан парламентте 84 депутат бар.

Бұған дейін грузиялық парламент комитеті шетелдік агенттер туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасы бір минут алты секундта қаралған.

Бұған дейін елде осы заңға қатысты ереуілдер орын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pxhere.com
Өзгелердің жаңалығы