Грузия алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға тапсырды
Астана, BAQ.KZ. Грузия алаяқтық жасады деген қазақстандықты елге экстрадициялады. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Саят Ислямов Астана, Алматы және Қарағанды қаласында алдын ала келіскен топ ішінде бірнеше ірі алаяқтық іс-әрекет жасады деп күдікке ілінді. Тергеу болжамы бойынша, ол сегіз адамды жалпы сомасы 250 мың долларға (94 миллион теңгеден астам) алдап, ізін суытқан. Күдікті оларға шетелден автокөлік алып келемін деп уәде берген.
Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды. «Қазіргі уақытта Ислямов Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көзбен де, жабдықпен де тінтеді. Назарбаев қауіпсіздік қызметі
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы