Гросси: Иран МАГАТЭ-нің таптырмас серіктесі болып қала береді
Иран халықаралық Атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) таптырмас серіктесі болып қала береді. Бұл туралы агенттік басшысы Рафаэль Гросси "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз Иранмен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысамыз, өйткені ол өте қажет. Ислам Республикасының ядролық нысандарына соққы жасалғаннан кейін де Иранның бізбен ынтымақтастықты жалғастыруы аса маңызды, – деді Гросси.
МАГАТЭ басшысы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін Иранмен диалогты жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Еске салайық, 10 қыркүйекте МАГАТЭ Иранмен Исфахан, Натанз және Фордодағы ядролық нысандарға мониторинг жүргізу туралы келісімге келген болатын. Бұл құжат жан-жақты кепілдіктер туралы келісімге толық сәйкес келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі өтті
Өзгелердің жаңалығы