Грэпплингтен жастар құрамасы бірінші жалпыкомандалық орынға ие болды

Грэпплингтен Қазақстан жастар құрамасы Испанияда өткен әлем чемпионатында бірінші жалпыкомандалық орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 қазанда Понтеведра қаласында (Испания) ерлер, әйелдер, кадеттер мен жасөспірімдер арасында грэпплингтен әлем чемпионаты басталды.

МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  жарысқа әлемнің 24 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда.

Чемпионат бағдарламасын кадеттер (16-17 жас) мен жасөспірімдер (18-20) ашты, жарыс қорытындысы бойынша біздің құрама жалпы (медальдық) есепте бірінші орынды иеленді. Қазақ спортшылары Испания, Украина, Израиль, Қырғызстан және Франция құрамаларын артта қалдырып, 26 алтын, 21 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, біздің команда екі жас санатында (кадеттер мен жасөспірімдер) екі бөлімде (No Gi және Gi) бірінші орын алып, жетістікке жетті. Өткен жылы тек кадеттер (16-17 жас) бірінші орынды қанағат тұтқан.

Айта кетейік, 14-15 қазанда ерлер мен әйелдер жарысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы