4 Қараша 2026, 05:18
Фото: depositphotos.com
Гренландия парламенті АҚШ-пен қауіпсіздік келісімін мақұлдады
АҚШ, Гренландия және Дания арасындағы келісімге 22 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.
Гренландия парламенті АҚШ және Даниямен Арктикадағы қауіпсіздік жөніндегі жаңа келісімді қолдады. Бұл туралы KNR телеарнасы хабарлады.
Енді құжат 19 қарашада Дания парламентінің мақұлдауына ұсынылады.
АҚШ, Гренландия және Дания арасындағы келісімге 22 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған. Ол 1951 жылғы келісімнің жаңартылған нұсқасы саналады. Құжатта АҚШ әскери базаларын орналастыруды жоспарлап отырған Нарсарсуак пен Местерсвигтегі екі нысан айқындалған.