«Грэммиге» үмiткер қазақстандықты Ургант құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Грэммиге» үмiткер Иманбек Зейкеновке Ургант қоңырау шалып, құттықтады.

Айта кетейік, қазақстандық музыкант Грэммидің «Ең үздік ремикс» марапатына ұсынылып отыр.



Оның Roses әніне арналған ремиксі бірнеше апта бойы АҚШ пен Ресейдің музыкалық чарттарынан түспеген.


Бұған дейін Иманбектің аталмыш сыйлыққа ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз. Грэмми сыйлығы жыл сайын беріледі және ол Американың басты музыкалық сыйлығы болып саналады. Биыл номинациялар саны бойынша әнші Бейонсе көш бастап тұр. Тейлор Свифт, Дуа Липа және Родди Рикч алты номинация бойынша ұсынылып отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы