"Грэмми – 2026": сыйлыққа кімдер үміткер?

Америкалық рэпер Кендрик Ламар екінші жыл қатарынан беделді Грэмми сыйлығына ең көп ұсынылған орындаушы атанды. Бұл туралы BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл әртіс "Үздік альбом" аталымымен қоса, 9 номинацияға ие болды.

Үздік орындаушы атағы үшін Ламару 6 номинация бойынша ұсынылған және екінші орында келе жатқан Леди Гагамен бәсекелеседі.

Грэмми премиясына үміткерлер қатарында пуэрто-Рико рэпері Бад Банни мен әнші Сабрина Карпентер бар. Номинанттар тізімінде Netflix платформасы үшін жасалған "KPop Demon Hunters"» ("Кейпоп-жын аңшылары") анимациялық мюзиклі де болды.

Грэмми жеңімпаздарын АҚШ Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясының 15 мың мүшесі таңдайды.

Еске сала кетейік, Грэмми марапаттау рәсімі 2026 жылдың 1 ақпанында Лос-Анджелестегі Crypto.com аренасында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы