Грекиядағы аралда су тасқыны болды
Грекияның Крит аралындағы дауыл мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады BAQ.KZ.
Деректерге сәйкес, құтқарушылар 49 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оларды өз көлігімен су ағындары теңізге алып кеткен.
Агиа-Пелагия мен көршілес Лигария қаласында із-түссіз жоғалғандар саны әлі де артуы мүмкін. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тоғыз көлік суға ағып кеткен. Бұған дейін олар ашық теңізде болған көліктен бір әйелді құтқарған болатын. Дәл осы уақытта Ласити аймағының шығыс аймақтық бөлімшесінің Сития қаласында 8 турист пен 1 күзетші жергілікті археологиялық мұражайда, тағы 4 адам екі көлікте қалып қойды. Грекияның жағалау күзеті мен Апатты жою арнайы бөлімшесінің мүшелері жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда. Желдің 7-8 балдық күшіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда.
Жергілікті билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беруде. Ираклион аралының халықаралық әуежайы жабылып қалды.