Грекияда әуе қатынасы қалыпқа келе бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Lufthansa әуе компаниясы 2 ай карантиннен кейінгі алғашқы жолаушылар рейсін жүзеге асырды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Франкфурттан ұшып шыққан әуе лайнері Афина қаласына барды. Ұшақ Грекия астанасына қона салысымен жолаушылар өздерінің денсаулығы жайлы арнайы қағаз толтырып, коронавирусқа тексерілді. Тест нәтижелері шыққанша адамдардың бәрі әуежайдағы қонақ үйде болады. Егер жолаушының дерт жұқтырғаны анықталса, 2 аптаға карантинге жабылады. Ал вирустан таза болып шықса, үйінде 14 күн оқшаулануы тиіс. Тәртіпті бұзғандар 5 мың еуро айыппұл төлейді. Бірақ жаңа ереже бәрінің бірдей көңілінен шығып жатқан жоқ.
Мен әуежай, туристік агенттіктер және әуе компаниялары жаңа жағдайға жақсы дайындалмаған деп айта аламын. Себебі ұшақтарда адам көп. Сондықтан сақтық шараларын сақтаудың қажеті жоқ па деп ойлаймын, - деп мәлім етті жолаушы Бригитта Эдер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда оқушылар арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық онлайн турнир басталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы