Грекияда туристік автобус өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобустағы өрт Козаньдағы Халкидика жағалауындағы курорттық аймақтан келе жатқанда басталған, деп хабарлады kozanilife.gr.

Жолаушылар көлігі Козань қаласының тоннелінде өртенген. Өрттің пайда болу себептері белгісіз. Өрт кезінде автобус Эгнатиа автомагистраліндегі Вермирн туннелінде тұрған.
 
Көлік жүргізушісі автобусты тоннельден шығарып, оны тоқтатып, барлық жолаушыларды эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Автобус ішінде балалар көп болған. Көлік толығымен жанып кетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы