Грекияда ертеңнен бастап жалпыхалықтық карантин енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин 7 қарашадан бастап үш апта мерзімге енгізіледі, деп жазады interfax.ru.

Грекияның үкімет басшысы Кириакос Мицотакис 5 қараша күні Сovid-19 салдарынан эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елде жалпы карантин режимін енгізілетінін хабарлады.

Карантин сенбі, 7 қарашадан бастап коронавирус жөніндегі Сараптамалық кеңестің басшысы, инфекционист Сотирис Циодрастың келісімі бойынша үш апта мерзімге енгізіледі.

Грекия Қаржы министрлігінің басшысы Христос Стойкурас халықты қолдау шаралары туралы, ал Азаматтық қорғау министрі Никос Хардалиас Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірге карантинді сақтау қалай бақыланатыны туралы баяндама жасайды.

Грекияда ұзақ уақыт бойы Еуропаның басқа елдеріне қарағанда Сovid-19 инфекциясының жұқтыру жағдайлары аз болды, бірақ қазан айының басынан бері бұл көрсеткіш айтарлықтай өсе бастады.

4 қарашада елде коронавирус инфекциясының 2646 жағдайы тіркелді. COVID-19 бар 18 пациент қайтыс болған, 179 адам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарына жалғанған.

Эпидемия басталғалы бері Грекияда 47 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, 673 науқас қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы