Грекияда аптап ыстыққа байланысты жұмыс уақыты қысқарды

Грекия тұрғындарын аптап ыстық алқымнан алып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Мамандар бүгін тағы күн ысиды деп болжайды. Осыған байланысты Еңбек министрлігі компания қызметкерлеріне түске дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берді. Денсаулығына қатысты қауіпті топқа енетін тұрғындар кеңсеге келмей-ақ қойса да болады. Оларға үйден жұмыс істеуге рұқсат берілді. 

Зертеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, Еуропада аптап ыстық салдарынан Италия, Испания мен Португалиядан бөлек, осы Грекияда адам өлімі көп тіркелген. 

Менің демікпем бар. Бұған дейін Италияға барғанымда өзімді нашар сезініп, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болдым. Грекияға келіп тұрып, Акропольды көрмей кетуге болмайды ғой. Сондықтан осында келіп едім. Бірақ мынадай ыстықта жүру оңай емес екен, - дейді тұрғындар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы