Грекияда аптап ыстық басталды

Грекияның көрнекі жерлерінің бірі – Акропольде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетіп, аптап ыстық басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews таратқан ақпаратқа сәйкес, Акропольге кіруге кезек күтіп тұрған туристер естерінен танып, құлап жатыр. Сол себепті тарихи мекен туристер қабылдауды уақытша тоқтатқан. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ежелгі Акрополь жарты күнге жабылғаны белгілі болды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өткен аптадан бері Грекияда аптап ыстықтың басылмай тұрғанын жазуда.

Ауа температурасының қатты көтерілуіне Солтүстік Африкадан ыстық ауа мен шаң әкелетін оңтүстіктен соғатын жел себеп болады деп есептеледі.

Айта кетерлігі, Грекия – Еуропа елдерінің арасында климаты өзгеріске ұшырауға бейім мемлекеттің бірі.

Былтыр елде қатты ыстықтан адамдардың өмірін жалмаған орман өрттері болып, тұрақсыз жауын-шашын су тасқынына ұласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: wikiway.com
Өзгелердің жаңалығы