Грекияда Акропольдің жұмыс уақыты шектелді
Грекияда туристер арасында танымал орын – Акропольдің жұмыс уақыты шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Оған аптап ыстық себеп. Кей өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді. Салдарынан орман өрті қаупі де артты. Былтыр тілсіз жау салдарынан 30-ға жуық адам опат болған еді.
Жылдан жылға жаз ыстық болып барады. Біз осындай жағдайда бейімделуіміз қажет. Басқа амал жоқ. Маусымда да аптап ыстық әбден әбігерге салып еді, - деді Қызыл Крест өкілі Константинос Гаврилидис.
Ал Сербияда да күн шыжып тұр. Соның салдарынан елдің солтүстігінде орналасқан суы шипалы Русанда көлі құрғап қалған. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Кейінгі күндері Балқан түбегіндегі өзге елдерде де рекордтық температура тіркеліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы