Грекияда 2025 жыл ең ыстық жыл болды

Грекияда 2025 жылғы орташа ауа температурасы ел аумағында осы уақытқа дейін тіркелген жылдық орташа температуралар ішінде екінші ең жоғары көрсеткішке айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай қорытындыны климатологтардан құралған Climatebook тобы жариялаған есептерінде көрсетті.

Есепте 2025 жылы Грекиядағы ауа температурасына жан-жақты бағалау жасалған. Барлық жүргізілген өлшеулердің нәтижесіне сәйкес, 2025 жылдағы орташа жылдық температура 15,3 градус болып, 1890 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихында тек 2024 жылдан кейінгі екінші ең жылы жыл ретінде тіркелген.

2025 жылғы орташа температура 2024 жылмен салыстырғанда 0,7 градусқа төмен, ал 2023 жылғы көрсеткіштен 0,1 градусқа жоғары болған. Жыл бойы 262 күнде ауа температурасы 1991–2020 жылдардағы орташа деңгейден жоғары сақталады. Ал 2025 жылдың наурыз айында елдің көптеген өңірлерінде температура рекордтық межеге жетеді.

2025 жылдың жазы да ерекше ыстық өтті: ол Грекия тарихындағы ең ыстық үшінші жаз ретінде бағаланып отыр. Айта кетерлігі, ел тарихындағы ең ыстық жеті жылдың алтауы соңғы жеті жылға тиесілі. Ал ең жоғары үш көрсеткіш дәл соңғы үш жылда тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы