Грекия туристер үшін COVID шектеулерін жеңілдетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия билігі жазғы маусымның басталуына дейін туристер үшін антиковид шараларды жеңілдетуге шешім қабылдады.
Грекияның Денсаулық сақтау министрі Танос Плевристің мәліметінше, 1 мамырдан 31 тамызға дейін қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерге барған кезде туристер мен жергілікті тұрғындарға вакцина төлқұжатын немесе COVID-19 ауруы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.
Дәмхана, мейрамхана, кинотеатрлар және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде келушілер санына барлық шектеу алынып тасталады. Сонымен қатар 1 маусымнан бастап үй-жайларда бетперде кию тоқтатылады.
Сондай-ақ Грекия билігі кіру ережелеріндегі жаңа жеңілдіктерді қарастырып жатыр, бірақ оларды әлі хаттамаға енгізген жоқ. Бұған дейін жаздың басынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан грек Ираклионына, сондай-ақ Салоникиге рейстер ашылатыны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кеңейтілген жиналысы өтті
Өзгелердің жаңалығы