Грекия-Қазақстан 5-0: Футболшыларымыз Еуро-2024-ке жолдамадан қағылды
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында Грекиядан жеңілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Афиныда өткен қазақстандық футбол үшін басты оқиғада құрама Еуропа Чемпионатына қатысу құқығын жеңіп ала алмады.
Ойынның сегізінші минутында қарсыластардың қақпасына пенальтиден алғашқы гол соғынды. Анастасиос Бакасетас дәл соққымен 1:0 есебімен командасын алға шығарды.
Ойынның 14-ші минутында Грекия құрамасының ойыншысы Димитрис Пелкас Қазақстан құрамасына екінші голды соқты.
37-ші минутта қарсыластардан Фотис Иоаннидис еш қиындықсыз Қазақстан қақпасына тағы бір гол соқты.
42-шы минутта Димитрис Курбелис командасына төртінші ұпайды әперді.
Екінші таймда ойын есебі 5:0-мен гректер алға шықты.
Салынған доптар: Бакасетас (9, пенальти), Пелкас (15), Иоаннидис (37), Курбелис (40), Марочкин (86, автогол).
Қазақстан құрамасының құрамында ойнаған футболшылар:
- Игорь Шацкий
- Марат Быстров
- Эльхан Астанов
- Ислам Чесноков
- Максим Самородов
- Ян Вороговский
- Багдат Каиров
- Бактиер Зайнутдинов
- Абзал Бейсебеков
- Александр Марочкин
- Темирлан Ерланов
26 наурызда Қазақстан Люксембург командасымен кездесіп, командалар жолдастық кездесу өткізеді.
Грекия Грузиямен Еуро-2024 жолдамасына таласады.