Грекия өртке орануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияда ауа райының аптап ыстығына байланысты өрт қауіптілігі өршіп тұр. Қатердің төніп тұрғаны туралы елдің азаматтық қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады Euronews.
Әсіресе Эгей теңізі жағалауы, Аттика, Пелопоннес пен Грекияның орталық аймағы өртке орану қаупі жоғары. Жергілікті өрт қызметі жоғары дайындық жасап, былтыр нағыз апатқа айналған орман өртін болдырмас үшін күні-түні бақылап отыр.
Алдын алу шараларының бірі ретінде үкімет орман мен кез келген өртке қауіпті аудандарға баруға тыйым салды.
Қазір мемлекетке Еуроодақтың 6 елінен 200-ден астам өрт сөндірушілер келе жатыр. Олар грек әріптестерімен тәжірибе алмасып, өртті ауыздықтауға көмектеседі. Бүгінде Болгария мен Румыниядан екі делегация келіп үлгерген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда биыл 1200-ге жуық қала әкімінің гранты бөлінді
Өзгелердің жаңалығы