Грек-рим күресінен U20 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?
Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған спортшылар 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, 82 келідегі Диас Сайтқалиев Әлем біріншілігінің күмісіне ие болса, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын мен 72 келідегі Юсуф Ашрапов, 55 келідегі Арсен Жұма қола жүлдеден еншіледі, - деп хабарлады министрлік.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Сарсекеев Айдын, Шангитбаев Саясат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы