Бүгiн 2026, 21:19 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

ҰОК мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бозкілемге шығып, Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапынан 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков пен 97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев Азия чемпионы атанды.

Ал 72 келіде Ибрахим Нұрмұхаммед, 77 келіде Әлихан Дурсунов және 130 келіде Джохар Узаров күміс жүлдеге ие болды. 82 келіге дейінгі салмақта Кирилл Минько қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.