Грек-рим күресінен барлық салмақта әлем чемпиондары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінің өкілдері жарысты аяқтады.

«Классиктер» арасындағы соңғы жарыс күнінде 60, 77 және 130 келідегі жеңімпаздар мен жүлдегер есімі анықталды.

Ақтөбе облысының тумасы, 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов ел қоржынына екінші қоланы сыйлады. Ол кіші финалда украиналық Ленур Темировті 10:0 есебімен жеңіп, өзінің жүлде қоржынын әлем біріншілігінің қола жүлдесімен толықтырды. Осыған дейін Мейрамбек 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген еді.

«Еліміздегі әлемдік доданы жүлдемен аяқтағаныма қуаныштымын. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Қола медальдан бөлек, Олимпиада жолдамасына қол жеткізгеніміз де үлкен жетістік. Бұйырса, 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасында алтын медаль алуды мақсат етіп отырмыз», - дейді Мейрамбек Айнағұлов.  

Ал 77 келіде екі бірдей мықтыны жүлдеден құр қалдырған Асхат Ділмұхамедов әлем біріншілігін бар болғаны бесінші орынмен тәмамдады. Роман Власов пен Виктор Немешке көп күш жұмсаса керек, қазақ балуаны кіші финалда жеңіліс тапты. Қола медаль үшін күресте өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан айла асыра алмай, 1:3 есебімен жеңілген Асхат Олимпиада жолдамасын қанағат тұтады. 

Грек-рим күресінен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 

55 келі
1. Нугзар Цурцумия (Грузия) ⠀
2.Қорлан Жақанша (Қазақстан) ⠀
3. Шота Огава (Жапония) ⠀
3. Эльданиз Азизли (Әзірбайжан)⠀

60 келі
 1. Кенихиро Фумита (Жапония) 
2. Сергей Емелин (Ресей) 
3. Мейрамбек Айнағұлов (Қазақстан), 3.Әли-Риза Неджати (Иран) 

63 келі⠀
1. Шинобу Ота (Жапония) ⠀
2. Степан Марянян (Ресей) ⠀
3. Алмат Кебиспаев (Қазақстан) ⠀
3. Славик Галстян (Армения)⠀

67 келі.
1. Исмаэль Борреро (Куба)⠀
2. Артем Сурков (Ресей)⠀
3. Фрэнк Штеблер (Германия)⠀
3. Мате Немеш (Сербия) 

72 келі
1. Абуязид Манцигов (Ресей) ⠀
2. Арам Варданян (Өзбекстан) ⠀
3. Балинт Корпачи (Венгрия) ⠀
3. Айк Мнацаканян (Болгария)⠀

77 келі
 1. Тамаш Лоринц (Венгрия) 
2. Алекс Кессидис (Швеция) 
3. Жалғасбай Бердімұратов (Өзбекстан)
3.Мохаммадали Гераеи (Иран) 

82 келі
1. Лаша Гобадзе (Грузия) ⠀
2. Рафик Гусейнов (Әзірбайжан) ⠀
3. Саид Абдвали (Иран) ⠀
3. Хайтао Киан (Қытай)⠀

87 келі
1. Жан Беленюк (Украина) ⠀
2. Виктор Лоринц (Венгрия) ⠀
3. Рустам Ассакалов (Өзбекстан) ⠀
3. Денис Кудла (Германия) ⠀

97 келі
1. Муса Евлоев (Ресей) ⠀
2. Артур Алексанян (Армения) ⠀
3. Ченк Илдем (Түркия) ⠀
3. Михаил Каджая (Сербия)⠀

130 келі
 1. Риза Каялп (Түркия) 
2. Оскар Пино (Куба) 
3. Якоби Каджая (Грузия)
3.Хейки Наби (Эстония)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы