Грек-рим: халықаралық турнирде астаналық спортшылар 1-орын алды
Испанияда 20-21 сәуір аралығында грек-рим күресінен жастар (U23) және жасөспірімдер арасында (U17) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа әлем елдерінен жиналған 16 құрама команда, 160 спортшы қатысып бақ сынады. Олардың қатарында Астана қаласының бозкілем шеберлері өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Дәлірек айтсақ, халықаралық турнирде жасөспірімдер арасында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен елордалық Әбілмансұр Ахалбек пен жастар арасында Мерей Маулитканов бірінші орынға ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттік құтқарушылар үйлеріне келді
Өзгелердің жаңалығы