Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы жылыжай кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерімен танысты және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Президентінің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталғаны туралы хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысының футбол басшылығы ауысты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы