Грецияда коронавирус жұқтырғандардың саны өсуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Еуропада COVID-19 бойынша күнделікті көрсеткіштердің әр алуандығы байқалған.

Испанияда шамамен 1,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 42,5 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ел билігі енгізілген шектеулердің жұмыс істейтінін мәлімдеді (коменданттық сағат және аймақаралық сапарларға шектеу). Мемлекетте соңғы екі апта ішінде күнделікті көрсеткіштердің тұрақты төмендеуі байқалуда.

Грецияда керісінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуде.  Елдің екінші үлкен қаласы сналатын Салоникидің ауруханаларында орын қалмаған, денсаулық сақтау қызметтері төтенше жағдайда жұмыс істеуде, ең нашар сценарийдің орын алуының мүмкіндігі жоғары деген қорқыныш өсуде.

Сербияда соңғы айда COVID-19  жұқтырғандардың саны күрт өстуде. Өткен жұмада коронавирус инфекциясының 6200 - ден астам жаңа жағдайы тіркелді – бұл бір ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда 18 есе жоғары. Сербия православ шіркеуі басшысының осы індеттен қайтыс болуына байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту күнін жарияланған.

Данияда фермерлер мен мал өсірушілер биліктің коронавирустың басқа түрінің таралуын тоқтату мақсатында 15 миллионнан астам күзенді  жою туралы шешіміне қарсылықтарын білдіруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы