Grand Slam жарысына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 - 24 қараша аралығында Жапонияның Оскада қаласында дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, аталған додада ел намысын 10 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Бақытбергенов (-73 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы