Кеше 2026, 21:10
Фото: olympic.kz
Grand Slam турнирі: Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев алтын медаль жеңіп алды
Грузияда өтіп жатқан турнирде отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.
Нұрқанат алтын медаль үшін өткен белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовты жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.