Қанжарын асынып, гранатасын құшақтап шекара асып келмек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей шекара отрядының «Ауыл-авто» өткізу бөлімшесінде ресейлік 2 азамат ұсталды.
«Бүгін таңертеңгі 9-дар шамасында шекара наряды Ресейден Қазақстанға «Новокузнецк-Алматы» бағыты бойынша «Лада Ларгус» автокөлігімен келе жатқан 1992 және 1989 жылғы екі ресейліктің жүктерінің арасынан екі қорапқа салынған 442 дана әртүрлі пышақ және Ф-1 гранатасын тауып алды» - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айтулары бойынша «граната ұрыстық емес, тек муляж» дейді, оның анық-қанығы тексеріліп жатыр. Табылған пышақтар мен граната Бородулиха аудандық полиция бөлімінің сарапшыларына тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Илон Масктің SpaceX компаниясы ғарышқа турист тасымалдауы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы