GPS, іздер және фототұзақтар: «Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс қалай бақылануда?
Жолбарыстың табиғаттағы тіршілігі қалай бақыланады?
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жолбарыс Үміттің табиғаттағы жаңа өмірінен хабар таратты. Оның жаңа мекенге бейімделуі мен белсенділігі мамандардың тұрақты бақылауында.
Үмітті бақылау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі.
Үміт GPS-мониторингі арқылы бақыланады
Жолбарыстың қозғалысы қашықтан бақыланып, мамандарға оның белсенділігі туралы маңызды деректер алуға мүмкіндік береді.
Далалық бақылау
Мамандар іздер мен басқа да табиғи белгілерді зерттеп, Үміттің қоршаған ортамен әрекеттесуін бақылайды.
Фототұзақтар да қырағылық танытады
Арнайы камералар жолбарыстың табиғи ортадағы тіршілігі мен мінез-құлқы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі.
Үміт тоғайлы аумақтарды, су маңын және жабайы жануарлар мекендейтін табиғи ортаны зерттеп, жаңа мекеніне біртіндеп бейімделіп келеді.
Оның қозғалысы, белсенділігі мен мінез-құлқы туралы алынған мәліметтер мамандарға бейімделу процесін бағалауға мүмкіндік береді.
Үміттің табиғаттағы жаңа өмірі мамандардың жіті бақылауында.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды.
Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілген болатын.