Gov2Jastar сараптама алаңында жастар кездесуі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.«Gov2Jastar» сараптама алаңында «Жастар саясаты жүйесінде жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында кездесу өтті.
Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Пікірсайыс барысында жастар және отбасы саясаты салаларындағы жобаларды іске асырудың тиімділігі, стейкхолдерлердің проблемалары, сондай-ақ аталған саладағы жобалардың тақырыптарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар талқыланды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы 2023-2025 жылдарға арналған жобалардың ұсынылып отырған тақырыптарын атап өтті.
«Жастар» ҒЗО директоры жастардың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу нәтижелері негізінде қалыптасқан бірқатар мәселелер және контрагенттерді іріктеу тетіктерінің ашықтығын арттыру жөніндегі ұсыныстар туралы айтты.
Сондай-ақ, қатысушылар жобаларды іске асыру тетіктерін талқылап, алдағы жылдарға арналған жаңа тақырыптарды ұсынды.