Гонконгтегі наразылық кезінде ұсталған қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот Гонконгтегі наразылық кезінде ұсталған Қазақстан азаматын кепілдікке босату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 15 қаңтарда Гонконгтың аудандық сотында Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен шығару бойынша үшінші сот отырысы өтті. Ә.Нукпидің мүддесін Баптистік университет ұсынған адвокат қорғауда. Қорғаушы тараптың дәлелдерін назарға ала отырып, сот Ә.Нукпиді кепілдікке босату туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Сот шешіміне сәйкес, Ә.Нукпи 2020 жылғы 26 ақпанға белгіленген келесі сот отырысына дейін анасымен бірге Баптистік университеттің кампусында болып, бекітілген коменданттық сағатты сақтауға міндетті.

ҚР Гонконгтағы Бас консулдығы Ә.Нукпидің анасына толық қолдау көрсетіп, адвокаттармен келіссөздер жүргізуіне, сот отырыстарына қатысуына және басқа да қажетті консулдық-құқықтық мәселелеріне атсалысуда. 

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы Гонконг баптист университетінің бірінші курс студенті ұсталған болатын. Сондай-ақ, Гонгонгтағы қазақстандық студенттер елге қайтарылатынын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, Гонконгтен 208 қазақстандық студент кетіп қалғандығын айтқан едік.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы