Гонконгте тағы өрт: 100-ден астам адам эвакуацияланды
Гонконгтің Тхуэнь Мунь ауданында Prime View Garden тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 02:30-да (Астана уақыты бойынша 23:30) басталған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрттің шығуына 40 жастағы әйелдің бөлмесінде жағылған иіс сабын таяқшалары (благовония) себеп болған. От көршілес заттарға таралып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген: әйелдің қолы мен аяқтары күйіп, екі көршісі де емделуге түсті.
Полиция істің қылмыстық сипатта болмағанын, яғни өрттің қасақана шығарылмағанын хабарлады.
Еске сала кетейік, Гонконгте 26 қарашада ірі өрт орын алған болатын. Сол кезде шамамен 700 адам эвакуацияланып, 156 адам қаза тапқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға шақырды
Өзгелердің жаңалығы