28 Қараша 2025 2025, 12:43 Фото: Anadolu Agency

Гонконгтағы өрт құрбандарының саны 100-ге жуықтады

Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын кешенінде болған ірі өрттен қаза тапқандар саны 94 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын кешенінде болған ірі өрттен қаза тапқандар саны 94 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – қалада болған соңғы 17 жылдағы ең жойқын өрт.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні күндіз басталған. Алдын ала деректерге қарағанда, тілсіз жау тұрғын үйлерді жөндеу бағдарламасы аясында орнатылған бамбуктен жасалған құрылыс тіректерінен тұтанған. Жоғары температура, қатты жел және тез жанғыш материалдың әсерінен от лезде тарап, тұрғын кешеніндегі сегіз биік үйдің бәрін шарпыған.

Өрттің тез әрі кең ауқымда таралуы биліктің үлкен алаңдаушылығын тудырды. Гонконг үкіметі төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу аясында абайсызда кісі өлтіру күдігімен үш адам ұсталды.